Қазақстан • 19 Сәуір, 2018

Қазақстандағы халықаралық стандарттарды қолданудағы журналистика форумы өтті

458 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚазҰУ Алматыдағы ЮНЕСКО Бюросының қолдауымен V Халықаралық Фараби оқулары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «ЮНЕСКО моделі журналистика даярлау бағдарламаларына қолдану барысын: Тұрақты дамуына қосқан үлесі» атты форум өтті.

Қазақстандағы халықаралық стандарттарды қолданудағы журналистика форумы өтті

2017 жылы ҚР БҒМ жоғары оқу орындарының журналистика кафедраларының бастамасымен Alma-Mater of Journalism журналистика клубы құрылды. Алғаш рет Клуб Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің, Қазақстандағы Ауғанстан Елшілігі, Британ Кеңесі, Қырғыз Қоғамдық телерадиокорпорациясы, MediNet халықаралық орталығының қатысуымен, журналистика білім беру мәселелері талқыланған екі күндік форум ұйымдастырды.

Форум жұмысына еліміздің  журналистика кафедралары  ЮНЕСКО моделіне негізделген журналистерді оқытудың халықаралық стандарттарын талқылады.  Ғылыми  жиында білім беру модельдерін қолданудағы оңтайлы нәтижеге жеткен елдер тәжірибесі, Қазақстандағы қолдануы таныстырылды.  Академиялық  ортада Алматы ЮНЕСКО Бюросы сөз еркіндігі мен бұқаралық ақпарат құралдары дамуы жаһандық үрдістерін таныстырды.

ЮНЕСКО Алматы Бюросы директоры Криста Пиккат  форумның ашылу салтанатында  БАҚ-тың дамуы сапалы журналистикаға  ықпалы туралы баяндама жасады.  ЮНЕСКО жоғары оқу орындарында журналистика білім беру  деңгейі артуына бағытталған модельдерін ұсынады.  Бұл кәсіби және этикалық журналистиканың қалыптасуына негіз болады әрі демократия дамуына, диалогтың өрбуіне мүмкіндік береді деп .  

ҚР БҒМ Министрі кеңесшісі Майраш Тайкенова   осы жиында елімізде журналистика бойыншы мамандар дайындайтын 29  кафедрасын   Alma-Mater клубына бас қосқанын ерекше атады. Журналистика түлектерінің сапасы  қоғам дамуына ықпал етер басты талап саналады.

АҚШ Елшілігі баспасөз-аташесі Рэн Элхай  өз сөзінде  ақпарат саласында жетістікке жетудің басты талабы -   журналистика саласында сапалы білім беру  және ол құндылық. Еліміздегі үштілділік саясатын қолдайтыны, сондай-ақ үш тілді екрін меңгерген журналист әлемді басқаша көзқараста таниды деді.

Форум жұмысы нәтижесінде бірнеше кепілтеделер ұсынылды.БР БҒМ Журналистика клубы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары және БҰҰ «Академиялық ықпал ету» Хабының басым бағыттарын негізге алады. Клуб мүшеері қатысуымен ЮНЕСКО білім беру бағдарамласыынң ұлттық моделін жасауға, «Журналистика бойынша 100 кітап» тізімін ЮНЕСКО кеңесімен дайындау және қазақша аудару.  Сонымен қатар журналистиканың ең үзік үрдестерін қамтитын бұқаралық он-лайн курстар ұйымдастыру. Клубтың келесі форумы Түркістан қаласында биылғы жылы қараша айында Орта Азия елдері журналистика оқу орындары қатысумен өтеді. Журналистика форумы еліміздің жоғары оқу орындары және дипломатиялық корпустың  академиялық алаңына айналды.